Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

22 Мамыр 2022, 11:31
1876
Бөлісу:
Жаңа вирустың кесірінен аралар жойылып барады

Алматы, BAQ.KZ. Жаңа деформацияланған вирус бүкіл әлемдегі бал арасының популяциясын жоюы мүмкін. Бұл туралы Галле-Виттенберг университетінің жалпы жануартану кафедрасының профессоры Роберт Пакстон айтты, деп жазды Newsweek.

Неміс биологының айтуынша, жаңа әрі тез тарайтын вирус араларды жылдам өлтіріп жібереді. Ол әсіресе жәндіктердің қанатына зиянын келтіреді, сол себепті олар ұша алмай қалады. Аталған вирус Varroa паразиттік кенелерді тасымалдайды, ол әлемдегі бал аралары үшін ең үлкен қауіптің бірі саналады. Бұл кенелер ұяшықтарға еніп, қуыршақтарға жұмыртқа салу арқылы көбейеді.

Оны ерте кезеңде анықтап, емделмесе, кенелердің популяциясы анағұрлым көбеюі мүмкін, ал ұяшық паразиттерден туындаған аурулар мен деформациялардан өледі.
Біз жүргізген сараптама вирустың жаңа нұсқасы Еуропада қазірдің өзінде басым екенін растай түсті. Ол біраз уақытта дүние жүзіне бой көрсетеді, – дейді Пакстон.

Оның айтуынша, вирустың белгісі Австралиядан өзге әлемнің барлық құрлығына жеткен. 

Өзгелердің жаңалығы