Жаңа туған балалардың инсульті. Ауру неге жасарып келеді?

7 Сәуір 2022, 17:48
2929
Бөлісу:
Жаңа туған балалардың инсульті. Ауру неге жасарып келеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасына сұхбат берген «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы, білікті нейрохирург Серік Ақшолақов мәлімдеді. 

Инсульт ауруының жылдан-жылға жасарып келе жатқанының себебіне тоқталды. 

Шынын айтқанда, ол бұрыннан бар нәрсе. Қазіргі кезде жаңа туған балалардың инсульті бар. Оған таңқалмау керек. Ол – аурудың бір түрі. Қазір оны да емдеп жатыр. Оның да саны аз деп айта алмаймын, - деп атап өтті Серік Ақшолақов. 

Сонымен қатар білікті нейрохирург инсульттің алдын алуға болады деп отыр. 

Бірақ ДДСҰ сараптамасы бойынша 10 инсульттің 8-інің алдын алып, тоқтатуға болады екен. Ол үшін аурудың себебін білу керек. Біріншіден, оған қан қысымының жоғары болуы, жүрек аурулары, артық салмақ, қант диабеті әсер етеді. Сол аурулардың алдын алып, уақытында емделсе, инсультті болдырмауға болады, - деді дәрігер. 

Ол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен айналысудың маңызы зор.  

Өзгелердің жаңалығы