Жаңа Қазақстанды құру үшін ауызбіршіліктің маңызы зор - саясаттанушы

30 Қаңтар 2022, 12:59
1965
Бөлісу:
Жаңа Қазақстанды құру үшін ауызбіршіліктің маңызы зор - саясаттанушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа Қазақстанды құру үшін ауызбіршіліктің, серіктестіктің, нық ұстаным мен болашаққа сенімнің маңызы зор. Бұл туралы саясаттанушы Ақбота Бегім айтты.

Ол  «Nur Otan» мүшелерін ел алдындағы жауапкершілікті терең түсінуге шақырды.

Еліміз дамудың өте күрделі кезеңіне аяқ басқанын түсіне отырып, Президент «Nur Otan» партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдады. Бұл шешім партияны трансформациялау және бүкіл қоғамды ұйыстыру жұмыстарына кірісуге дайындықты білдіреді. Мемлекет басшысы ретінде ашық және әділ саяси бәсекелестік болатынына кепілдік берді. Президент елімізді жан-жақты жаңғырту үшін ұсынылған ауқымды мәселені еске салды,- деді Ақбота Бегім.

Оның пікірінше, «Nur Otan» реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысуға, Қазақстанды қарқынды түрде қайта құрудың және жаңартудың негізгі қозғаушы күші ретінде әрекет етуге тиіс. 

Жаңа Қазақстанды құру үшін ауызбіршіліктің, серіктестіктің, нық ұстаным мен болашаққа сенімнің маңызы зор. Мемлекет басшысы Партияның «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын сапалы түрде күшейту қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Президент қызметінде болсын және партия жұмысында болсын ел мүддесіне берік болу қағидатын ұстанатынын жеткізді. «Nur Otan» – еліміздің негізгі саяси күші. Қазақстанның болашағы үшін, ең алдымен, біздің партиямыз жауапты. Әрқайсымыз осы жауапкершілікті терең сезініп, жұмыс істеуіміз қажет, - деді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Саясаттану» кафедарсының аға оқытушысы.

Өзгелердің жаңалығы