«Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

1 Маусым 2022, 13:07
1126
Бөлісу:
«Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқауға БАҚ-та жарияланған материалдардан басқа, блогерлердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланған жұмыстары да қатыса алады.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

 Сыртқы істер министрлігі Бас редакторлар клубымен және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ-мен серіктестікте Қазақстан туралы материалдарды жазатын/түсіретін шетелдік журналистер үшін «Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» 7-ші байқауына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурстың әділқазы алқасы 2014 жылдан бастап өз жұмыстарында еліміздің түрлі аспектілері туралы мейлінше шығармашыл, шынайы және объективті түрде жарияланған шетелдік авторларды іріктеп келеді. Байқауға БАҚ-та жарияланған материалдардан басқа, блогерлердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланған жұмыстары да қатыса алады, - делінген хабарламада.

Түрлі тақырыптағы жұмыстар бойынша номинациялары бар негізгі конкурстан басқа, биыл «Kazakh Tourism» атынан бөлек номинация ұсынылды, онда туризм тақырыбындағы жұмыс үшін бір жеңімпаз іріктеледі.

Байқауға қатысуға 2021 жылғы 15 шілдеден бастап 2022 жылғы 15 шілдеге дейін Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттық материалдар қабылданады.

Байқау жеңімпаздарын құрамына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, «Бас редакторлар клубының» басшысы Бібігүл Жексенбай және «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ  басқарма төрағасы Талғат Аманбаев кіретін қазылар алқасы анықтайды.

Байқау қорытындысы бойынша бес географиялық аймақтан бес жеңімпаз анықталады:

Оңтүстік және Солтүстік Америка;

  • Еуропа;
  • ТМД;
  • Таяу Шығыс және Африка;
  • Азия-Тынық мұхит аймағы және туризм тақырыбы бойынша номинацияның бір лауреаты іріктеледі.

Жеңімпаздар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан қалалары мен Бурабай демалыс аймағына бару жүлдесіне ие болады. Сапар барысында мазмұнды мәдени бағдарлама жоспарланған.  

Байқау жеңімпаздарының мемлекеттік сектордың өкілдерімен, сарапшылар және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлерімен кездесулері ұйымдастырылатын болады.  

Барлық жұмыс  2022 жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей mediacontest@mfa.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Байқау нәтижелерін 2022 жылдың 1 тамызына дейін жариялау жоспарлануда.

Сұрақтар мен қосымша ақпарат алу үшін mediacontest@mfa.kz поштасына немесе +77172720987 телефонына хабарласуға болады.

«Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауның қатысу ережелері

Өтінім нысаны

Өзгелердің жаңалығы