Жаңа Қазақстан азаматтарына арналған «Абайдың кісілік кодексі» құрастырылды

9 Тамыз 2022, 11:50
2602
Бөлісу:
Жаңа Қазақстан азаматтарына арналған «Абайдың кісілік кодексі» құрастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ләйла Мұсалы айтты.

Оның айтуынша, бұл қазіргі қоғамның әлеуметтік мінез-құлқын реттейтін заңдық күші бар құжат көрінеді. 

«Абайдың кісілік кодексі» - Абайдың таңдамалық даналық және қара сөздеріндегі кемел адам, толық адам қалыптасып шығу жолындағы халыққа айтқан өсиеттері іріктеліп алынды, – деді ол.

Сонымен қатар ол аталған институт «Абайтану  таңдамалы еңбектері» атты 50 томдық жинақты құрастырып шықанын жеткізді. Абайтану тарихын қамтитын таңдмалы еңбектердің барлығы осы 50 томдықта жинақталыпты. 

Сондай-ақ Абайдың 175 жылдығынан бастап атқарылып жатқан еңбектердің біраз парасы бар. 2020 жылдан бастап Абай ілімін білу, түсінудің және қолдануға ғылыми негізделген теориялық ғылыми жоба қолға алынды. Соның аясында институтта үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Абайдың таңдамалы еңбектерінің 2 томдығы жарық көрді. Оған қоса жыл соңына дейін Абайдың академиялық басылымын кейбір текстологиялық өзгерістерге сай құрастырып шығамыз. Одан бөлек «Абайтану таңдамалы еңбектері» 50 томдығы негізінде «Абайтану антологиясы» 10 томдығы құрастырылып шықты, – деді Ләйла Мұсалы.

Сонымен қатар ол биылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Абай ілімі» оқу пәнін жалпы пәндер қатарына қосу ұсынылып отырғанын жеткізді. Ол Абайдың таңдамалы еңбектері негізінде жаңаша қоғамдық-гуманитарлық оқу пәні ретінде ұсынылған.

Өзгелердің жаңалығы