Жаңа қаланың әкімі тағайындалды

10 Мамыр 2024, 12:10
384
Бөлісу:
Жаңа қаланың әкімі тағайындалды
Фото: Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Жаңа Алатау қаласының әкімі болып Әркен Өтенов тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Әркен Өтенов 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Әркен Өтенов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, және Карнеги Меллон университетінде (Болашақ бағдарламасының түлегі, 2010 ж.) білім алған.

Ол халықаралық қатынастар маманы, экономист және мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі, Президенттің жас таланттар пулының мүшесі.

Әркен Өтенов еліміздің банк секторында, сондай-ақ мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде тәжірбиелі жұмыс атқарған.

Өзгелердің жаңалығы