Жаңа партияны тіркеу. Министрлік министрдің сөзін жоққа шығарды

19 Желтоқсан 2022, 15:45
1334
Бөлісу:
Жаңа партияны тіркеу. Министрлік министрдің сөзін жоққа шығарды

Respublica саяси партиясы әлі ресми тіркеуден өткен жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Бұқаралық ақпарат құралдарында «Respublica» партиясын тіркеу туралы ақпарат пайда болды. ҚР Әділет министрлігі 24 қарашада Respublica саяси партиясын құру ниеті туралы хабарламаның келіп түскені туралы растау ғана берілгенін нақтылайды. 3 желтоқсанда Respublica саяси партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылтай съезін өткізді, тіркеуге құжаттар келіп түседі деп күтеміз. Әділет министрлігі БАҚ өкілдерінен нақтыланбаған ақпарат үшін кешірім сұрайды, - деп айтты министрліктің баспасөз қызметі.

Мәжілістің кулуарында Әділет министрі Қанат Мусин Respublika саяси партиясы ресми тіркелгенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы