Жаңа оқу жылында орыс тілі 2-сыныптан, шет тілі 3-сыныптан басталады

5 Шілде 2023, 01:25
6304
Бөлісу:
Жаңа оқу жылында орыс тілі 2-сыныптан, шет тілі 3-сыныптан басталады
Фото: архив

Қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда әліппе/ана тілі, ал орыс тілі 2-сыныптан бастап оқытылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023-2024 оқу жылында тілдер оқу бағдарламасына кезең-кезеңімен енеді.

Қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда әліппе/ана тілі, ал орыс тілі 2-сыныптан бастап оқытылады. Орысша оқитын 1-сынып оқушылары қазақ тілі және букварь пәндерін оқиды. Шет тілі 3-сыныптан бастап оқытылады, – делінген хабарламада.

Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылып жатыр.

Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды, – деді Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.

Өзгелердің жаңалығы