Жаңа оқу жылы: Сенбі күні оқу бола ма?

28 Тамыз 2021, 13:29
6538
Бөлісу:
Жаңа оқу жылы: Сенбі күні оқу бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмиля Бекбатырова жаңа оқу жылының ерекшелігі туралы айтып берді.

Брифинг барысында педагогтар мен ата-аналардан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

Сенбі күні оқу бола ма?» деген сұраққа жауап бере кетейін. Сенбі күні бұған дейін де апталық сағат жүктемесі көп мектепте, әсіресе гимназияларда сабақ оқытылып келген. Бүгінгі күні де педагогикалық кеңестің шешімімен, ата-аналар комитетінің келісімімен сенбіге сабақ кестесін қою не қоймауды мектеп өзі шешеді, - деп түсіндірді Жәмиля Бекбатырова.

Сондай-ақ бес күндік оқуға сағат сандары сыймаса, жеңіл сабақтарды өздері қоя алады.

Дегенмен сағаттарды бес күнге сыйғызуға тырысу керек. Сонымен қатар облыста үшауысымды, оқытушы тапшылығы бар мектептерді ескере келе сенбіге 2-3 сағаттан қою-қоймауды мектеп әкімшілігі шешеді, - деп толықтырды Білім басқармасы басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, жаңа оқу жылы толығымен дәстүрлі форматта басталады.



Өзгелердің жаңалығы