Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
Әкімдіктердің жедел мәліметі бойынша, бұзылған нысандарды қалпына келтіру бойынша ел бойынша 8 өңірде 53 мемлекеттік нысан және 151 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны зардап шекті. Әкімдіктер бүлінген нысандардың санын күн сайын жаңартып отырады. Әкімдіктер нысандарды қалпына келтіру бойынша нақты мерзім белгіледі. Қазір олар барлық шығындарды есептеп жатыр, - деді ол.
Өскенбаев айтқандай, барлық аймақта теміржол вокзалдары мен автобустардың қозғалысы қалпына келтірілді.
Республикалық жолдарда көліктің қозғалуына шектеу жоқ. Елдің 20 әуежайының 18-і штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алматы мен Талдықорған әуежайларының қызметі тоқтатылды. Алматы әуежайы қызметін техникалық тұрғыда қайта бастауға дайын. Құзыретті органдардың қажетті шешімі қажет, - деді Өскенбаев.