Президент Нұр-Сұлтанда жаңа мектеп салуды тапсырды

1 Қараша 2019, 13:58
3209
Бөлісу:
Президент Нұр-Сұлтанда жаңа мектеп салуды тапсырды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы елордадағы №23 орта мектепке барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

ffd6161c79a3ba5af2f88029105fc8f1.jpg

Мектепті аралау барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов президентке астананы дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады. Оның айтуынша, биыл 5 мың орындық 6 жаңа мектеп, ал 2020 жылы 9 мың орындық 12 мектеп пайдалануға беріледі

Мемлекет басшысына елорда халқының 25%-ы тұратын қала аумағындағы 16 тұрғын үй алабын дамыту жөніндегі тапсырмаларының жүзеге асырылу жайында да мәлімет берілді. Сондай-ақ, Алтай Көлгінов қазіргі уақытта қалада үш ауысымды 8 мектеп барын, келешекте олардың саны орташа есеппен жыл сайын 10-12 мектепке артатынын айтты.

11604ee10b6fc1361a9d3a54f35a5310.jpg

Сонымен қатар, әкім президенттің тапсырмасы бойынша бұқаралық спортты дамыту мақсатында 4 жаңа спорт нысанының құрылысы басталғанын хабарлады.

Мемлекет басшысы №23 мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу кабинеттерін аралады, оқушылармен және мұғалімдермен әңгімелесті. Мұғалімдер президентке мектептің қажеттіліктері туралы айтты.

21ce2ba669bf28f7d7b4a860560eea2e.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев мектептің түйткілді мәселелерімен таныс екенін, аталған ауданда қысқа мерзім ішінде жаңа мектеп салу жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.

Бұл – іске асатын жоспар. Сіздерге алдағы уақытта жаңа мектепте жұмыс істеуге мүмкіндік болады, – деді мемлекет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы