Жаңа мамандықтар атласы: Павлодарда инновациялық оқу бағдарламалары енгізілуде

6 Наурыз 2023, 12:13
1487
Бөлісу:
Жаңа мамандықтар атласы: Павлодарда инновациялық оқу бағдарламалары енгізілуде
Фото: дереккөз

Торайғыров университетінің профессорлары мен жергілікті кәсіпорындардың мамандары «Жаңа мамандықтар атласы» бағдарламасы бойынша бірнеше инновациялық оқу бағдарламасын енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Айта кетейік, осыдан төрт жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа мамандықтар атласын» әзірлеуге тапсырма берді. Осыған орай Торайғыров университетінің ұжымы жергілікті еңбек нарығының сұранысына орай оқу бағдарламаларының аясын кеңейтті. 

ЖОО ректоры Еркін Садықовтың айтуынша, жаңа мамандықтар портфелін әзірлеуде аймақ экономикасының машина жасау, металлургия, энергетика және мұнай-химия салалары негізге алынды. 

Сондықтан инновациялық оқу бағдарламаларын әзірлеуде бірінші кезекте технологиялық үрдістерді автоматтандыру және машина жасау салалары таңдалды. Себебі бұл салада кадр тапшылығы бар. Нәтижесінде «Машина жасау» бағдарламасы заман талабына сай жетілдіріліп, «Машина жасау және реверс-инжиниринг» деп өзгерді. Оның құрамында негізгі мамандықтан бөлек 3D-модельдеу конструкторы, прототиптендіру инженері, сандық бағдарламалық станок операторы және бақылау маманы бар. «Өнеркәсіптік робототехника және автоматтандыру» бағдарламасы «Автоматтандыру және басқару» мамандығы негізінде әзірленді, - дейді университет ректоры Еркін Садықов.

Бүгінде «Машина жасау және реверс-инжиниринг» мамандығы бойынша 30-ға жуық студент оқиды. Оларды жергілікті өндіріс ошақтарына жұмысқа орналастыруға мүмкіндік бар. еңбек нарығында сұраныс жоғары. Мамандардың айтуынша, қос жаңа мамадық бойынша оқуға түсуге ниет білдіргендер саны екі есе өскен. Мәселен, «Өндірістік робототехника және автоматтандыру» бойынша 37 бала білім алып жатыр. 

Жаңа мамандықтар бойынша білім беру жүйесін жаңғыртуға аймақтың зауыттары да ниетті. Себебі кадрлар қажет.

Қазір «ПромашKZ» кәсіпорны теміржол саласына қажет өнім шығарады. Бізге машина жасау саласының мамандықтары қажет. Себебі Ресей, Беларусь, Испания, Италияда жасалған құрал-жабықтар орнатылды. Оларды бақылайтын мамандар, технологиялық үрдістерді бағдарламалайтын сауатты кадрлар керек. Сондықтан университеттермен қоян-қолтық жұмыс істейміз, - дейді зауыт өкілі Юрий Кабеляцкий.

Алдағы уақытта  «Технологиялық құрал-жабдықтардың предиктивті диагностикасы»,  «Агроэкология», «Биология және кинезиология», «Энергоменеджмент» мамандықтары бойынша 12 бағдарлама әзірленіп, іске қосылмақ. 

Өзгелердің жаңалығы