Жаңа Конституция жобасында егемендік пен тәуелсіздік ұғымдарының айырмашылығы анық көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры Құралай Садықова Астанада өтіп жатқан "Референдум-2026" атты онлайн-марафонда мәлімдеді.
Айтуынша, жаңа Конституция жобасын нормативтік құндылықтарды айқындайтын Ата Заң ретінде қабылдау қажет.
Сондай-ақ ол құжатта Қазақстанның өзіндік ұлттық мәдениеті мен терең тарихы бар екені нақты көрсетілгенін алға тартты. Сонымен қоса Преамбулада егемендік пен тәуелсіздік ұғымдарының айырмашылығы да айқын ажыратылған.
Еске салайық, Ата Заңымыздың болашағына арналған "Референдум-2026" атты онлайн-марафон сағат 12:00-де басталды.