Жаңа Duster зауыттан шықты

30 Қаңтар 2021, 07:50
2246
Бөлісу:
Жаңа Duster зауыттан шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екінші буындағы Renault Duster-дің ЕЭО елдері мен Қазақстан сатушыларының қолына түсетін күні алыс емес. Renault компаниясының Ресейдегі ресми өкілі модельдің Мәскеуде өндіріле бастағанын хабарлады.

Қызығы, Renault әлі Duster-дің интерьерін де көрсетпеді. Суреттерде оның тек сыртқы бөлігі түсірілген.

Компания көліктң техникалық жағына қатысты еш ақпарат бермеді. Бірақ компания мамандарының 2 литрлік мотордан бас тартып, оның орнына 1.3 литрлік (150 а.к.) қозғалтқыш орнату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Бұл агрегат вариатормен жұмыс істейді. Базалық нұсқасына 1.6 литрлік атмосфералы мотор қойылады.

Кроссоверге қатысты толық ақпарат ақпанда жарияланады. Ресейде наурыз айының басында сатыла бастайды.

Өзгелердің жаңалығы