"Жанұя" кешенінің тәрбиеленушілері тегін коньки тебеді

4 Қаңтар 2020, 15:42
3202
Бөлісу:
"Жанұя" кешенінің тәрбиеленушілері тегін коньки тебеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда мамандандырылған "Жанұя" кешенінің тәрбиеленушілері коньки тебуді тегін үйренуде. 

Ерекше қажеттіліктері бар жетім балалардың мамандандырылған "Жанұя" кешенінің тәрбиеленушілеріне арналған алғашқы сабақ 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті. Әр жастағы 30 бала тәжірибелі 15 нұсқаушының көмегімен коньки тебуді бастады. Сырғанау кезінде шай ішу үзілісі де болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шараның мақсаты – өскелең ұрпақты спортқа баулып, салауатты өмір салтын қалыптастыру. 

Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсаннан бастап балалар үйінің тәрбиеленушілері қаланың төрт тегін мұз айдынында коньки тебуді үйреніп жүр. 2020 жылдың көктеміне дейін балалар үйінің 80-нен астам тәрбиеленушісін конькимен сырғанауға үйрету жоспарлануда. Оқу курсы аяқталысымен балаларға сыйлықтар беріледі.
Өзгелердің жаңалығы