Жамбылдық тұрғын жалған қайырымдылықпен айналысқан

9 Қараша 2020, 11:16
1392
Бөлісу:
Жамбылдық тұрғын жалған қайырымдылықпен айналысқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз есірткі қылмысына қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы брифингте айтты. 

Алаяқтық деректері тыйылмай тұр. Елордалық полицейлер сауда үйінің қызметкерлерін алдап, 6 азаматтың дербес деректерін иемденіп, олардың атына 550 мың теңге сомасында онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйелді ұстады. Несие алған соң күдікті ақша қате аударылды деп, ақшаны кері жіберуді сұраған, - деді ол. 

Ораздың айтуынша, тағы бір елорда тұрғыны адамдардың сеніміне кіріп, 356 мың теңгені иемденіп кеткен. 

Ол «OLX» сайтында жүргізуші куәліктерін жасау туралы хабарландыру жариялап, Kiwi-әмианға ақша түскеннен кейін қоңырауларға жауап бермей қойған, - деді ол. 

Ресми өкіл жамбылдық тұрғын қайырымдылық мақсаттарға қатысты бірқатар интернет-алаяқтық жасағаны әшкереленгенін айтты. 

Ол жалған қор құрып, кәсіпкерлермен байланыс орнатып, қорды дамытуға көмек сұраған. Ақша жалған қорға тіркелген шоттарға аударылған. Қазіргі уақытта 2 млн 300 мың теңге сомасында залал келген. 15 коммерциялық құрылым басшылары сан соғып отыр, - деді Н. Ораз.

Өзгелердің жаңалығы