Жамбылдағы жарылыс. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты – Сапарбаев

27 Тамыз 2021, 09:25
1892
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты – Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. 

Елді мекенде орналасқан нөмірі 28/40 әскери бөлімінде инженерлік оқ-дәрінің жарылысы болды. Осыған сәйкес, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыстық штаб құрдық. Ол штабқа барлық мемлекеттік органның өкілдері енді. Кеше түні бойы сонда жұмыс жасадық. Қазіргі таңда сол жерде болған шығындар мен оқиғаларды қалпына келтіру үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді ол.
Облыс әкімі айтқандай, Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдарында 718 адам тұратынын айтты. 
Кеше ол кісілердің барлығы 10 мектеп, 5 колледждің жатақханаларына орналастырылды. Соңында оларда 227 адам қалды. Қалғандары ағайын-туыстарына кетті. Болған жағдайларды қалпына келтіру үшін арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Кеше 88 адам медицина қызметкерлеріне жүгінді. Оларға медициналық көмек көрсетті. 60-тан астам жеңіл жарақат алған адам үйлеріне қайтарылды. Қазір 28 адам ауруханада жатыр. Оның 6-уының жағдайы орташа ауыр. Олардың өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ. Таңертең ол науқастармен кездесіп, жағайларын сұрадық. Дәрігерлерден мән-жайды білдік, барлық дәрі-дәрмек бар. Қазіргі таңда олардың жағдайы тұрақты. Ал 220 адамның да жағдайын білдік. Оларға қажетті тамақ, сусындар жеткізілді. Барлығы дұрыс деп шешілсе, оларды үйіне қайтарамыз, - деді ол. 

Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Тараз қаласының мектептеріне 1200-ге жуық адам - Байзақ ауданы Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдарының және Үшбұлақ стансасының тұрғындары көшірілді. Жамбыл облысындағы әскери қоймада тұтану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 462-бабы (қару-жарақты, сондай-ақ айналадағылар үшін қауіп төндіретін заттар мен заттарды ұстау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы