Жамбылдағы жарылыс: Қаза болғандардың аты-жөні белгілі болды

27 Тамыз 2021, 09:42
3489
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс: Қаза болғандардың аты-жөні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыстан қаза болғандардың аты-жөні белгілі болды. 

Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт салдарынан келісімшарт бойынша екі әскери қызметші – 1981 жылы туған сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай және 1981 жылы туған ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, 1969 жылы туған әскерилендірілген күзет қызметшісі Оразбек Дайырбекұлы Далибаев қаза тапты.

Сержант Марат Мешінбай мен ефрейтор Руслан Жанболатов өрттің алғашқы минуттарынан бастап әскери бөлімнің өрт сөндіру командасының құрамында болды. Жарылыстардың жанында болып, олар ауыр жарақаттар алды.

Әскерилендірілген күзет қызметшісі Оразбек Далибаев қойманы күзету жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі қызметін атқарды. Қызметтік міндеттерін атқаруда оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан қаза тапты.

Қаза тапқандардың төртіншісі – Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры әділет полковнигі Арман Қапезов.

Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс ведомствосы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шара қабылданатын болады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы