Жамбылдағы жарылыс. Ауруханаға түскен 6 адамның жағдайы ауыр

27 Тамыз 2021, 08:25
1300
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс. Ауруханаға түскен 6 адамның жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін:

- 109 телефон нөмірі;
- 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды.

Сонымен қатар, 8(7262) 51-41-67, 8(7262) 51-37-75 телефон нөмірлері арқылы жедел желіге хабарласуға болады.

Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған.

Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған. Жедел медициналық көмек көрсету үшін 37 жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде 3 медициналық авиациялық бригада тартылған. Оның ішінде 1 бригада Тараз қаласындағы №5 мектепте кезекшілік етеді, Тараз политехникалық колледжінде 1 бригада, онда Байзақ ауданы, Базарбай ауылынан бұған дейін 226 адам эвакуацияланған болатын. 27 тамыз 08.00 сағаттағы жағдай бойынша эвакуация орталықтарында жалпы 171 адам қалып отыр, оларға қажетті жағдай жасалып, таңғы ас берілді, – делінген хабарламада.

Травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог және басқаларды қосқанда 32 дәрігер, 56 фельдшер қызмет атқаруда. Олар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.

27 тамыз 08.00 сағаттағы жағдай бойынша 28 адам ауруханада ем қабылдаса, оның ішінде 6 адам ауыр халде.

Жамбыл облысының бірыңғай диспетчерлік 109 қызметіне барлығы 473 өтініш келіп түскен. «109» қысқа номеріне – 265 өтініш, «What`s app» мессенджеріне – 190 өтініш келіп түскен.

Төмендегі мәселелер бойынша өтініштер келіп түсуде:

- Тұрғындардың эвакуациялануы бойынша;
- Әскери бөлімдегі қойманың жағдайы бойынша және т.б.

Сонымен қатар, жұртшылықтан және БАҚ өкілдерінен тек қана ресми түрде жедел штаб тарапынан ұсынылатын ақпаратты назарға алуды сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы