Жамбылда жарылыстан бүлінген көліктерді кім өтейді?

7 Қыркүйек 2021, 16:35
6043
Бөлісу:
Жамбылда жарылыстан бүлінген көліктерді кім өтейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил Өңірлік коммуникациялар қызметінде жарылыстан зардап шеккен аумақты қалпына келтіру барысы туралы өткен брифингте айтты.

Қазіргі кезде зардап шеккен арнайы техникалар мен жеке автокөліктердің құны есептеліп жатыр. Әзірге оны өндіру мәселесі шешілген жоқ. Оны өтеу Қорғаныс министрлігінен болуы мүмкін. Ол Үкіметке ұсынылады, - деді Қайрат Исмаил.
Осыған дейін жарылыстан 118 нысан зардап шеккені айтылды.

Айта кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Жарылыс салдарынан 14 адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы