Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында карантин шаралары күшейтілді. Қалада жүріп-тұру 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін шектелді.
24.kz арнасының хабарлауынша, Тараз қаласында қоғамдық көліктер таңғы 7-ден кешкі 10-ға дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Базарлар мен азық-түлік емес дүкендер таңғы сағат 8-ден төртке дейін, ал Халыққа қызмет көрсету орталығы таңғы 9-дан 5-ке дейін ашық болады. 2 мың шаршы метрден асатын сауда орталықтары, түнгі клубтар, қоғамдық моншалар, сауда және ойын-сауық орталықтарындағы балалар алаңдары, діни ұйымдар, 50 орыннан асатын тамақтану орындары мен автомобиль және мал базарларының қызметіне де тыйым салынды.