Жамбылда әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталды

14 Наурыз 2023, 16:24
1079
Бөлісу:
Жамбылда әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінен

Жамбыл облысында Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесін тойлау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс орталығынан бөлек барлық қала, аудандарда да түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, көктем мерекесі лайықты түрде атап өтілуде.

Жамбылда әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталды

Амал мерекесіне орай бүгін А. Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрында «Төрткүл Ханзадасы» ертегісі және «Наурыз думан» балаларға арналған қойылымның премьерасы өтті.

Жамбылда әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталды

Ақын Сәнтөре Пірмановтың тарихи аңыз негізінде саханаланған «Төрткүл Ханзадасы» ертегісінде қазіргі Тараз қаласының аумағында орналасқан «Төрткүл» көне қалашығында болған оқиға баяндалады. Оқиғада ел билеушісі – Ханның ұлы Ханзаданың ел басқаруды қолына алғандағы және өзіне жар таңдаудағы дүйім жұртты таң қалдырған тапқырлығы, ақыл-парасаты ұтымды суреттеледі. 

Жамбылда әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталды

Ертегі-қойылым жас көрермендер мен бүлдіршіндерді туған елі мен жерін, отанды  сүюге тәрбиелеп, ата-баба аманатына берік болуға шақырады.

Жамбылда әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталды

Бұдан соң қойылымнан әдемі әсер алған балаларға «Наурыз думан» мерекелік шарасы ұйымдастырылды. Мұнда Қыдыр ата, Ұмай ана, Наурызбек, Күн, Түн, Ақпан-Тоқпан кейіпкерлері кішкентай көрермендердің көңілін баурап, табиғаттың тамаша көріністерімен қызықтырды.

Жамбылда әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталды

Мерекелік шара ән-бимен көмкеріліп, бірлік пен береке ұғымдарының мән-маңызын айшықтай түсті.

Наурыз мерекесіне арналған түрлі деңгейде шараларды ұйымдастыру қала, аудандарда да жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы