Жамбылда ауылдың ішкі жолдары жөнделуде

1 Тамыз 2020, 06:32
1390
Бөлісу:
Жамбылда ауылдың ішкі жолдары жөнделуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округіндегі елді мекендердің ішкі жолдары жөнделіп жатыр. Бұл туралы аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.

Жамбыл ауылдық округіндегі жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі – автокөлік жолдарының жайы еді.

Бүгінде Танта ауылында ауылішілік жолдар ағымды жөндеуден өтіп, асфальт төселуде. Ә. Молдағұлова көшесіне толығымен асфальт салынып біткен. Ал Қ.Рысқұлбеков көшесінде жартылай жолға асфальт төселген.

Ауыл көркеюі үшін мұндай жұмыстар әлі де жалғаса бермек.


Өзгелердің жаңалығы