Жамбыл облысының Полиция департаментінде «Полиция барысы - 2022» анықталды

22 Наурыз 2022, 16:29
2265
Бөлісу:
Жамбыл облысының Полиция департаментінде «Полиция барысы - 2022»  анықталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мерекесі қарсаңында «Динамо» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Жамбыл облысы Полиция департаментінің  қызметкерлері арасында еркін күрестен «Полиция барысы» турнирі өтті. 

Турнирдің құрметті қонақтары болып Жамбыл облысының «Жекпе-жек» кәсіби спорт клубының директоры Елдос Далабаев, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Тұрдалы Шералин қатысты. 

Жарысқа 6 салмақ дәрежесінде медальдар мен кубоктар үшін күрескен 19 команда бақ сынасты.

Күрес кілеміндегі  белдесулерде полиция қызметкерлері мінсіз  дайындық пен тамаша техниканы көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Полиция департаментінің Жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы полиция лейтенанты Амир Добай, екінші орынды ПД Оқу-жаттығу взводының қызметкері полиция лейтенанты Ырыскелді Артықов, бірінші орынды ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод  командирі Бегімхан Әділбеков иеленді. 

Сондай-ақ, қазақ күресінен командалық турда Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің командасы алтын жүлдені, Тараз қаласы Полиция басқармасының командасы күміс жүлдені, Тұрар Рысқұлов ауданы полиция бөлімінің  командасы үшінші орынды жеңіп алды. 

«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясын Қордай ауданы полиция бөлімінің командасы алды. 

Спорттың осы түрінде қолданылатын жауынгерлік тәсілдер күнделікті қызметте қажет, ал қызметкерлер арасында өткізілетін осындай  жарыстар тәртіп сақшыларының кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді, - деп атап өтті Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Үдергенов.

Өзгелердің жаңалығы