Жамбыл облысында жыл басынан бері 8 бала терезеден құлап кеткен

10 Шілде 2021, 03:39
2418
Бөлісу:
Жамбыл облысында жыл басынан бері 8 бала терезеден құлап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 2-ден 12 жасқа дейінгі балалар терезе мен балконнан абайсызда құлап кеткен. Жыл басынан бері осындай 8 жазатайым оқиға болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар 15 жастағы 1 жасөспірім 5-қабаттың балконынан құлаған және кәмелетке толмаған тағы 1 жасөспірім 5 қабатты үйдің шатырынан құлап кеткен. Екі дерек те қауіпсіздік техникасына немқұрайлы қараудан, биікке шығу қаупінің алдын алу ережелерін сақтамау, сондай-ақ ересектердің кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын тиімді өткізуге назар аудармауынан болған.

Ешқашан терезелердегі москит торларына сенбеңіз, олар құлаудан қорғамайды. Мүмкіндігінше терезелерге металл торларды және терезе тұтқаларына арнайы құрылғыларды орнату керек. Пәтерлер мен үйлерді желдету үшін нәрестенің қол жетпейтін терезе көздерін ашыңыз және терезенің алдына әр түрлі жиһазды қалдырмаңыз. Кәмелетке толмағандарға ұзақ уақыт қараусыз балконда уақыт өткізуге және ойнауға, оның ішінде фото және бейнероликтер түсіруге жол бермеңіздер, – деп сақ болуға шақырды ведомство өкілдері.

 


Өзгелердің жаңалығы