Жамбыл облысында жол-көлік апатын азайту бойынша қандай жұмыстар жүргізіледі

5 Желтоқсан 2023, 17:57
472
Бөлісу:
Жамбыл облысында жол-көлік апатын азайту бойынша қандай жұмыстар жүргізіледі
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл сұраққа облыс әкімі Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тақырыбында өткен брифинг барысында Ербол Қарашөкеев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, көлік апатынан қаза табу проблемасы өңірде өте өзекті.

Облыстың территориясында Алматы-Түркістан республикалық деңгейдегі үлкен жол бар. Сол жолдың үстінде көбінесе жол-көлік апаттары болады. Сол себептен жол полиция тарапынан бақылауды күшейтіп жатырмыз. Күшейту мәселесі неден құралып отыр. Біз экипаждың тығыздығын үлкейтіп жатырмыз. Қазір 50 экипаждан 60 экипажға көбейттік. Соның нәтижесінде патрульдік маршруттардың ұзындығы 80 км болатын. Қазір 40 км азайттық. Екінші ол әрине насихаттау жұмысы. Одан бөлек апаттар көп болатын республикалық маңызы бар жолдарда 22 бірлік автоорган аппараттық бағдарламалық кешенді қойдық. Жылдамдық режимін сақтау мәселесі мен қадағалау мәселесі ол. 25 мобилдік кешеніміз бар. Оның да санын арттырып жатырмыз, - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы