Жамбыл облысында жасанды алкоголь өнімін өндіретін цех анықталды

8 Тамыз 2022, 15:20
1152
Бөлісу:
Жамбыл облысында жасанды  алкоголь өнімін өндіретін цех анықталды

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділовайтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері контрафактілік есепке алу-бақылау маркаларын қолданып, жасанды  алкоголь өнімін өндіретін цехты анықтады.Тінту кезінде 3 мың литрге жуық алкоголь өнімі, 36 мыңнан астам бөтелке арақ, жалған есеп-бақылау маркалары, қақпақтарды жабуға арналған құрылғылар тәркіленді, - деді ол. 

Әбділов атағандай, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы