Жамбыл облысында үш күнде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді

2 Желтоқсан 2022, 13:41
1266
Бөлісу:
Жамбыл облысында үш күнде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді
PHOTO
Фото: Polisia.kz

 Жамбыл облысында үш тәулік ішінде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Ағымдағы жылғы 28-30 қараша аралығында “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жамбылдық полицейлер 12 бірлік қару мен 100-ге жуық түрлі калибрлі патрондарды тауып, тәркіледі.

Тәркіленген қарулардың ішінде екі ұсақ калибрлі ТОЗ -16 және ТОЗ-8 мылтықтары, ИЖ-56 Белка қос ұңғылы шолақ аңшы мылтығы, 2 шолақ және 7 тегіс ұңғылы мылтық бар. Мәселен, қала шетіндегі аумақтан полиция қызметкерлерімен зауыттық нөмірлері механикалық жолмен өшірілген оқ-дәрісіз, калибрі 12 миллиметр МР-153 өздігінен оқталатын тегіс ұңғылы мылтық табылды. 

Жамбыл облысында үш күнде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді

Сонымен қатар осы жылғы 29 қарашада Сарысу ауданының Ә.Бүркітбаев ауылынан 10 шақырым жердегі шаруа қожалығы аумағында орналасқан сарайдан 5,6 калибрлі ТОЗ-16 мылтық, калибрлі ИЖ-18Е бір оқпанды аңшы мылтығы, 19 патрон және 58 гильза табылып, тәркіленді. 

Сол күні Жамбыл ауданының құмды аумағында орналасқан тағы бір шаруа қожалығында калибрі 16 миллиметр ИЖ-18 ЕМ бір ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Жамбыл облысында үш күнде 12 қару мен 100-ге жуық патрон тәркіленді

Жыл басынан бері полицейлер барлығы 673 атыс қаруын, оның ішінде 131 автомат пен 232 тапанша тәркіледі. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы атыс құралдарының орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Өзгелердің жаңалығы