Жамбыл облысында тау-кен металлургия комбинатының құрылысы жүруі мүмкін

27 Сәуір 2019, 20:07
3540
Бөлісу:
Жамбыл облысында тау-кен металлургия комбинатының құрылысы жүруі мүмкін

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Германияның «Aurum Deutschland» ЖШС Жамбыл облысында ірі жобаны жүзеге асыруға ниетті.

Компанияның бас директоры Юрий Фадеевтің сөзіне қарағанда, Қордай ауданынан тау-кен металлургия комбинатының құрылысын жүргізу үшін көлемі 160 гектар болатын жер керек. 

«Тиісті жер телімдері берілген жағдайда өңірдегі Шоқпар мен Гагарин кен орындарынан алтын өндіретін кәсіпорынның құрылысына дайындық жұмыстарын биылдан кешіктірмей бастайтын едік. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда жылына 5100 келі алтын өндіруге қуаты жетеді. Жобаның құны 329 миллион евроны құрайды», - дейді Юрий Фадеев. 

Серіктестік басшысының айтуынша, барлау, жобалау жұмыстары мен зауыт құрылысы алдағы 3-4 жылда жүргізіліп, 2023 жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылыс кезеңінде 5 мыңнан аса адам, зауыт іске қосылғанда 1 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылады деп көзделіп отыр.

«Aurum Deutschland» ЖШС өкілдері жергіліктің атқарушы биліктің аталған аймақтан қажетті жер беріп, инфрақұрылымын жүргізуге көмектессе дейді.

Айта кетейік, аталған компания бұған дейін Қордай ауданында әлеуметтік әріптестік аясында өз қаржыларына спорт алаңшаларын салып, жол жөндеуге атсалысқан.

Өзгелердің жаңалығы