Жамбыл облысында шаңғы курорттық аймағы салынады

21 Шілде 2021, 15:33
1883
Бөлісу:
Жамбыл облысында шаңғы курорттық аймағы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек «Желмая» жобасында айтты.

Оның айтуынша, Тараз 2000 жылдық тарихы бар қала әрі бұл жерде төрт мемлекеттің құрылу тарихы жатыр.

Бұл жер кезінде Батыс түрік қағанатының саяси астанасы болған. Одан кейін Қарахан мемлекеті құрылған, 1751 жылы бұл жерде Атлах шайқасы болып, өркениет тараған. Тұтқынға түскен қытайлар өздерінің құпияларын ашып, қағаз, жібек жасау өнерін көрсеткен. Оған қоса 1256 жылдары Талас құрылтайында Алтын Орда құрылған деп те айтады. Кейін Керей мен Жәнібек Есенбұқадан жер алып шыққанда осы Таластың басы, Хантау, Шу мен Қозыбасыдан шыққан. Міне, осындай үлкен төрт мемлекеттің құрылу тарихы бар, - дейді ол.

Сонымен қатар Дәулет Кәрібек облыс әкімінің тапсырмасымен туризмді дамыту жөніндегі бағдарлама әзірленіп жатқанын айтты. Оған қазір азаматтардан ұсыныстар жинап жатыр екен.

Ол алдымен ішкі туризмге, көне орындарға арналған, оған қоса тағамдар ұсыну сияқты бағыттарға бөлінеді. Сондай-ақ Жуалы ауданында «Қараалма» шаңғы курортық аймағын қалыптастырсақ деген жоспарымыз бар. Онда қазір инвесторлар жұмысты бастады. Жазғы туризмнен табыс аз, мәселен, шетелдік турист жазғы туризмге 500 доллар қалдырса, қысқы туризмге 2 мың долларға дейін қалдырады екен. Сондықтан Жуалыда қысқы туризмді дамытқымыз келеді, ол жерде теңіз деңгейінен 3 мың метр биіктікте шаңғы тебуге болады, - дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Дәулет Кәрібек азық-түлік бағасын қалай реттеп отырғандарын айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы