Әлеуметтік дүкендердің арқасында бағаны ұстап тұрмыз – Дәулет Кәрібек

21 Шілде 2021, 14:21
5032
Бөлісу:
Әлеуметтік дүкендердің арқасында бағаны ұстап тұрмыз – Дәулет Кәрібек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасында қонақта болған Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек азық-түлік бағасын қалай реттеп отырғандарын айтып берді.

Оның айтуынша, соңғы кезде азық-түлік бағасы қымбаттағанымен, әкімдік әлеуметтік тауардың бағасын реттеу бойынша «Әлеуметтік дүкендер» ашқан. Облыс орталығында - 16, он ауданда 14 әлеуметтік дүкен құрылған.

Бұл дүкендерде күнделікті қажет құмшекер, май, пияз, картоп және басқа да әлеуметтік маңызы бар өнімдерді барынша арзан бағамен сатып жатырмыз. Соның арқасында базар, өзге де дүкендегі бағалар төмендеді. Оған қоса бұл әлеуметтік дүкендер үнемі облыс әкімінің бақылауында, Ауыл шаруашылығы басқармасының өздері де шығып қарап тұрады. Қай тауар түрі тез өтіп кетіп жатқанын бақылап, орнын толтырып отырады. Мысалы, алғашында құмшекер мен май тез өтіп кетті. Адамдар оны күнделікті ала бермейді ғой, бір аптадан соң картоп, басқасы өте бастады. Міне, осыларды қарап, мониторинг жасап отырады, - дейді ол.

Дәулет Кәрібек сонымен қатар Тараз қаласындағы ескі қоғамдық көліктерді жаңарту жұмысы қалай жүріп жатқанын айтып берді.


Қоғамдық көлік мәселесі күн тәртібінде тұр және оны біртіндеп шешіп жатырмыз. Елорда күні қарсаңында қалада 100-ге жуық автобус пайдалануға берілді. Екіншіден, соңғы бір жыл ішінде «Тұлпар карт» жүйесі іске қосылды. Мәселен, бұрын бір жеке автопарк жылына 10 млн теңге салық төлесе, жаңа жүйе арқылы олардың төлемі 30 млн теңгеге дейін өсіп отыр. Бұл жүйе көлеңкелі экономикамен күресте тиімді болып отыр. Енді осы салық пен жолақының есебінен қаладағы автобустар жаңаланып отырады, - дейді әкімнің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы