Жамбыл облысында орташа жалақы қандай – әкім жауап берді

5 Желтоқсан 2023, 16:12
545
Бөлісу:
Жамбыл облысында орташа жалақы қандай – әкім жауап берді
Фото: Арман Мухатов - архив

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі орташа жалақы көлемін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңір басшысы басқа өңірлермен салыстырғанда жалақы мөлшері төмен екенін жеткізді.

2023 жылғы 3 желтоқсанның қорытындысы бойынша облыстағы орташа номиналды табыс – 130 мың теңге болса, орташа жалақы –257 мың теңге, ал медианды жалақы – 212 мың теңге. Әрине, облысымызда жалақының деңгейі басқа өңірлермен салыстырғанда ең төмен деңгейде. Біз негізі традициялық түрде солай қалып отыр. Біріншіден, оны арттыру үшін бізге ірі индустриялық жобаларды іске қосып, экспортты ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашып, жалақының көлемін арттыру керек. Әрине, халықтың әл-ауқатын көтеру – ең өзекті мәселенің бірі, - деді Ербол Қарашөкеев.

Айта кетейік, 2023 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда орташа айлық жалақы 350,5 мың теңгені құраған еді. Өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы 602,4 мың теңге көлемінде Атырау облысында тіркелді. Сондай-ақ, көш басында тұрған өңірлер қатарында Маңғыстау (519,1 мың теңге, бір жылдағы өсім нақты мәнде 2,2%) және Ұлытау (471,3 мың теңге, өсім 5,4%) облыстары бар. Ең төменгі орташа айлық жалақы Түркістан облысында тіркелді. Орташа (248,9 мың). Бұл үштікке Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары да кірді.

Өзгелердің жаңалығы