Жамбыл облысында індет жүргізушіден анықталды

19 Сәуір 2020, 13:15
1531
Бөлісу:
Жамбыл облысында індет жүргізушіден анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның екі жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. 

Науқастардың бірі Қордай ауданында анықталған. Жүргізуші, Павлодар тұрғыны Қырғызстаннан Алматыға бара жатқан. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде "Қарасу" бекетінде алынған талдау оң нәтиже көрсетті.

Екінші оқиға Тараз қаласында анықталды. Қала тұрғыны ЖРВИ диагнозымен провизорлық стационарға жатқызылып, зерттеу нәтижесі инфекцияның бар екенін анықтады.

Науқастар инфекциялық стационарға орналастырылды. Байланыста болған тұлғаларды, жұқтыру қаупі бойынша мәртебені анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. 

Өңірде барлығы 60 жағдай тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында - 10, Байзақ ауданында – 3, Жамбыл облысында – 4, Қордай ауданында - 33, Меркі ауданында - 2, Мойынқұм және Шу ауданында – біреуден. Дели-Тараз рейсінің жолаушылары арасында алты оқиға орын алды. 

19 сәуірдегі жағдай бойынша, алты адам сауығып, дәрігерлердің бақылауымен үй карантиніне алынды.

Өзгелердің жаңалығы