Жамбыл облысында еңбек жастарының IV облыстық форумы өтті

30 Желтоқсан 2021, 08:16
1118
Бөлісу:
Жамбыл облысында еңбек жастарының IV облыстық форумы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында IV еңбек жастарының форумы өтті.

Шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, білім беру мекемелерінің, әлеуметтік сала басқармаларының басшылары, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Адам – еңбегімен ардақты. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы стратегиясы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында бүгінде еңбек – XXI ғасырдағы жаһандық бәсекелестік жағдайында шешуші ұлттық фактор ретінде бірінші кезекке қойылуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Жастарды талмай еңбек етуге үйрету керек. Осындай форумдар арқылы жұмыс берушілер мен оқу орындары арасындағы ынтымақтастық нығая түседі. Негізгі міндет – сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандар даярлау, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы «Ең үздік әлеуметтік серіктес» номинациясын жеңіп алған 12 кәсіпорын өкілдеріне Алғыс хаттар табыс етті. Бұл кәсіпорындар дуальды оқыту жүйесін дамытуға белсенді үлес қосуда.

Жамбыл облысында еңбек жастарының IV облыстық форумы өтті

Сондай-ақ, «Worlds kills Kazakhstan-2021» республикалық чемпионаты мен «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

«Шәушен» шаруа қожалығы, «Жаңа технологиялар» ЖШС, «ТаразТрансЭнерго» ЖШС, «Эффект» сұлулық салоны, «NUR-AI» ЖШС, «Қамқор Локомотив» ЖШС «Тараз локомотив жөндеу депосы» филиалы 6 үздік студентке стипендия тағайындап, оларды жұмысқа алды.

Бүгінгі таңда облыстағы 44 колледжде 23 мыңнан астам студент білім алуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын іске асыруды жалғастыру қажеттігін атап өткен болатын.

Жамбыл облысында еңбек жастарының IV облыстық форумы өтті

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға қарай жастардың 100 пайызы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етілетін болады.

2021-2022 оқу жылында 37 колледждің студенттері (57 мамандық бойынша) дуальдық жүйемен білім алуда. Барлығы 8000-нан астам студент өндірістік тәжірибеден өтті. Жұмыс берушілер тарапынан үздік 35 студентке жалақы төленуде.

«Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасы аясында 11 колледжге материалдық-техникалық базаны жаңартуға, заманауи құрал-жабдықтар сатып алуға республикалық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Студенттер дайындаған аспаздық жартылай фабрикаттар мен кондитерлік өнімдер 18 әлеуметтік дүкенде сатылуда.

Жамбыл облысында еңбек жастарының IV облыстық форумы өтті

Бұдан соң IV Аймақтық еңбек жастарының форумы аясында Тараз қаласындағы Талас (№6), Жайлау (№3) шағын аудандарында екі «Student önımı» дүкенінің салтанатты ашылуы өтті. Онда студенттер өндірген өнімдер сатылатын болады.

Тараз сервис және технологиялар колледжінің директоры Бекбол Маймышевтің айтуынша, «Жас маман» жобасы бойынша «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу» мамандықтары бойынша сабақтарға қажетті құралдармен жабдықтауға 332 миллион теңге бөлінген.

Енді студенттер өз дүкендерінде өз өнімдерін сататын болады. Ондағы бағалар нарықтық бағадан 40 пайызға төмен, - дейді ол.

Аймақ басшысы тұрғындармен бірге дүкендерді аралап көрді.

Елімізде мұндай дүкендер алғаш рет Жамбыл облысында ашылып отыр. Алдағы уақытта олардың санын арттыру керек, - деді Бердібек Сапарбаев.

Өзгелердің жаңалығы