Жамбыл облысында бірегей химия зауытының құрылысы басталды

17 Қазан 2024, 19:46
419
Бөлісу:
Жамбыл облысында бірегей химия зауытының құрылысы басталды
Фото: «ЕвроХим» компаниясы

Жамбыл облысындағы «ЕвроХим» компаниясы жылына 740 мың тонна фосфорит ұнын өндіріп келеді. Сондай-ақ өндіріс аймақ бюджетіне 40 миллион доллар инвестиция құйған. Қазіргі таңда елімізде егістік алқаптардың шамамен 30%-ы ғана тыңайтқыштармен өңделеді. Осы ретте, Жаңатас қаласында 650-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған компанияның жұмыс барысымен BAQ.KZ тілшісі танысып қайтты.

Компания фосфорды алатын карьерді және оны өңдеп шығаратын зауытты таныстырды. Іс-шара барысында жобаның екінші және үшінші кезеңінің – күкірт қышқылы мен минералды тыңайтқыш өндіретін зауыттың құрылысы көрсетілді. Жауапты мамандар минералды тыңайтқыш шығаратын зауыт 2027 жылы іске қосылатынын атап өтті.

Жамбыл облысында іске қосып жатқан өндіріс еліміздегі агроөнеркәсіпті дамытады. Заманауи жоғары технологиялық тыңайтқыш Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісін екі есеге арттырып, алдыңғы көрсеткіш көрсетіп отыр. Әсіресе, елдегі егіс алқаптарының шамамен 80%-ын алатын дәнді дақылдардың өнімділігі кем дегенде 10%-ға көбейеді, бұл ел үшін өте маңызды көрсеткіш, - деді компанияның бас директоры Игорь Георгиади.

Сарапшылардың пікірінше, 30 жылда республикадағы ауылшаруашылығы жерлерінің құнарлылығы минералды тыңайтқыштардың жеткіліксіздігіне байланысты едәуір төмендеген. Мамандардың айтуынша, егістік алқаптардың шамамен 30%-ы ғана тыңайтқыштармен өңделеді.

Жамбыл облысында бірегей химия зауытының құрылысы басталды

Бүгінде Жаңатаста жылына 740 мың тонна фосфорит ұнын өндіретін тау-кен кешені жұмыс істеп тұр. Ал қазір компания екінші және үшінші кезеңді дамытуда – бұл күкірт қышқылы зауытының құрылысы және минералды тыңайтқыштар мен өнеркәсіптік өнімдер шығаратын химиялық кешенді жүзеге асыру. Барлық зауыт бірыңғай өндірістік тізбекпен өзара байланысып, бірқатар стратегиялық маңызды өнім шығарады. Кешеннің ерекшелігі, шикізатты өндіру мен өңдеуден бастап минералды тыңайтқыштар өндірісіне дейінгі әлемдегі ең алғашқы толық циклді кәсіпорын болады. Қазіргі уақытта күкірт қышқылын өндіретін зауыттың құрылыс 32%-ға дайын: қазірдің өзінде күкірт қышқылын сақтауға арналған төрт резервуар орнатылып, негізгі технологиялық эстакадалар мен кесек күкіртті сақтайтын қойманың монтажы жалғасып жатыр. Әрі химиялық кешеннің жобалық және жұмыс құжаттамасы әзірленіп, негізгі технологиялық жабдықтарға келісімшарт жасалды. SAP күкірт қышқылы – химия өнеркәсібіндегі ең маңызды өнімдердің бірі, ол минералды тыңайтқыштар, мұнай өнімдері және тау-кен байыту салаларында қолданылады. Компания кешенінде күкірт қышқылы калий сульфатын (SOP) өндіруге шикізат ретінде пайдаланылады. Өндіріс кәсіпорынның ішкі қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, республика нарығын да қамтамасыз етеді, - деді бас директор Игорь Георгиади.

Зауыттың құрылысы 2023 жылы басталды. Қазір құны 1 млрд доллардан асатын инвестиция құйылып жатыр. Жалпы, бұл жоба аясында 1000 астам жұмыс орны ашылады. Бұл жерде 5 түрлі өнім шығарылмақ. Олар күкірт қышқылы, дикалийфосфат, SOP деген минералды тыңайтқыш өндіріледі. 

Сондай-ақ, тазалығы 90% болатын синтетикалық гипс кальций хлориді мұзға қарсы құрал ретінде және бұрғылау өндірісінде қолданылады. Қазіргі таңда біз құрылыстың 2-ші бөлігіндеміз. Жалпы минералды тыңайтқыштарды шығаратын зауыт 2027 жылы іске қосылмақ. Шикізатты Қазақстаннан немесе шетелден импорттауды жоспарлап отыр.

Жамбыл облысында бірегей химия зауытының құрылысы басталды

Қазір тау-кен кешенінде 650-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Компания қызметкерлеріне жыл сайынғы индекстелген бәсекеге қабілетті жалақымен бірге, сыйақы беру жүйесін енгізді. Оған ауысым арасындағы жарыстар, «Идеялар фабрикасы», кәсіби шеберлік байқаулары және басқа да іс-шаралар кіреді.

Қызметкерлерге тегін тамақ, санаторийде демалыс, фитнес-орталық қызметтері және компания есебінен медициналық көмек көрсетіледі. Қызметкерлердің балалары да жазғы лагерьде демалуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, компания ОРМПУ студенттеріне шәкіртақы тағайындап, кейін оларды жұмысқа алады. Мысалы, ЕвроХимнің бұрынғы стипендиаты қазіргі уақытта логистика бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істейді. Биыл ол Жаңатастан Алматыдағы кеңсеге ауысты, - деді Георгиади.  

Күкірт қышқылын өндіру кезінде көп мөлшерде жылу қуаты бөлініп, ол электр энергиясына айналады. Бұл энергия күкірт қышқылы зауытының қажеттілігін және басқа да іргелес нысандарды қамтамасыз етуге жеткілікті болады.

Жамбыл облысында бірегей химия зауытының құрылысы басталды

Сонымен қатар, кешенде суды көп сатылы тазарту жүйесі қарастырылған, ол су тұндыру, сүзу және кері осмос әдістері арқылы сыртқы көздерден алынатын суды тұтыну көлемін азайтуға мүмкіндік береді. 

Әрі өндірістік ағындарды қайта өңдеуге және қайта пайдалануға жол ашады. Бұл технологиялардың барлығы компания ұстанатын үнемді өндіріс тұжырымдамасын қолдауға және аймақтың экологиялық жағдайына зиян келтірмеуге септігін тигізеді.  

Комапания өз қаржысына Жаңатас қаласында 5 тұрғын үй, 3 мектеп, Орталық аурухана мен Мәдениет үйі жөнделіп, қалпына келтірілді. Сондай-ақ, 2 автокөлік көпірі, кәріз желілері мен тазарту құрылыстары жаңғыртылды. Компания жыл сайын Сарысу ауданының тұрғындарына қарлы боран мен су тасқынының зардаптарын жоюға көмектеседі, ауылдарда жолды тазарту үшін арнайы техника мен машинистерді жібереді, - деді компания мамандары.

Жамбыл облысында бірегей химия зауытының құрылысы басталды

Қала құраушы кәсіпорын ретінде компания өңір тұрғындарының өміріне айтарлықтай ықпал етіп, жақсартып келеді. 2012 жылдан бері Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына «ЕвроХим» 27 миллион доллар бөлді. Жалпы, компания аймақ бюджетіне 40 миллион доллар инвестиция құйған.  

Жаңа кешеннен жыл сайын 27 миллиард теңгеден астам салық түседі деп болжанып отыр. Қызмет көрсететін кәсіпорындарды ескерсек, елдің ЖІӨ-не таза үлес жылына шамамен 2 миллиард доллар болмақ.

Өзгелердің жаңалығы