Жамбыл облысында астық жинау науқаны басталды

21 Маусым 2023, 09:42
673
Бөлісу:
Жамбыл облысында астық жинау науқаны басталды

Биылғы жылы облыс бойынша 379,0 мың гектар жерге дәнді масақты дақылдар егілсе, оның ішінде 162,7 мың гектарға бидай, 216,3 мың гектарға арпа себілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі күні облыста алғашқылардың бірі болып Жамбыл және Т.Рысқұлов аудандары егінге орақ салды.

Биыл Жамбылдық диқандар 4,5 мың гектарға бидай, 13,3 мың гектарға арпа сепсе, Құландық шаруалар 61,7 мың гектарға бидай, 53,2 мың гектарға арпа еккен болатын.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 235 гектар алқап орылып, 305 тонна өнім жиналды.

Жалпы ағымдағы жылы астық ору науқанына 800-ден астам техника жұмылдырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы