Жамбыл облысында 6 әкімшілік ғимарат бүлінген

11 Қаңтар 2022, 23:08
2385
Бөлісу:
Жамбыл облысында 6 әкімшілік ғимарат бүлінген
PHOTO
Фото: автордан

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елдегі жаппай тәртіпсіздіктен кейін Жамбыл облысындағы ахуал біршама тұрақталды. Қазіргі жағдай жергілікті әкімдіктің жасақтаған жедел штабының жіті бақылауында.

Аймақ әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібектің айтуынша, Тараз қаласындағы бірнеше күнге созылған бүліктің салдарынан 200-ден астам құқық қорғау қызметшісі әртүрлі дене жарақатын алған. Ал бүлікке қатысқан содырлардың қатары шамамен 2 мыңға жуықтайды.

Жамбыл облысында 6 әкімшілік ғимарат бүлінген
Жамбыл облысында 6 әкімшілік ғимарат бүлінген

Жалпы, төтенше оқиға барысында 287 азамат әртүрлі дене жарақатын алып, 42 адам ауруханаға жатқызылды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың денін 17-25 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Жедел операциялардың арқасында 295 күдікті қолға түсіп, 19-ы сот шешіміне сәйкес қамаққа алынды. Енді қылмыстық істер қозғалуда. Ал олардан 84 қару-жарақ тәркіленіп алынды. Күдіктілердің 114-іне әкімшілік іс қозғалса, мұның 108-і он бес тәулік бойына қамауға алынды, 3-еуі айыппұл арқалап, тағы 3-еуіне ескерту берілді, –  деді ол.

Жамбыл облысы аумағындағы бүлік кезінде 6 мемлекеттік меншіктегі ғимарат бүлінген. Олардың қатарында облыстық әкімдік, «Nur Otan» партиясының филиалы, полиция департаменті және Тараз қаласындағы үш полиция бөлімшесі бар. Сонымен қатар 149 қызметтік автокөлікке, 4 кәсіпкерлік нысанына залал келген. Бүгінде шығынның көлемін есептейтін арнайы комиссияның құрамы бекітіліп, жұмыс істеп жатыр.

Жамбыл облысында 6 әкімшілік ғимарат бүлінген
Жамбыл облысында 6 әкімшілік ғимарат бүлінген

Алдын ала еcптеулерге сүйенсек, жалпы аймаққа келтірілген шығынның шамасы 7,6 миллиард теңгеге жетіп жығылады.

Қазіргі таңда зардап шеккен әкімшілік құрылымдарды қалпына келтіру шараларына 21 техника мен 160 жұмыскер тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы ақпанның аяғына дейін толық аяқталмақ. Өңірде автокөлік, әуе, темір жолдардың барлығы ашық. Коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер штаттық режімде қызмет етуде, сұйық отынның қоры да жетеді. Денсаулық сақтау ұйымдары, азық-түліктік сауда нүктелері, базарлар мен жанармай құю бекеттері тұрақты жұмыс істеуде. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорына алаңдауға негіз жоқ. Бағалардың бағамы күн сайын биліктің бақылауда, – деді мамандар.

Ал Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі теміржол вокзалынан 23:00-ден соң пойыздан түскен азаматтарды кезекші қоғамдық көліктер тасымалдайтынын мәлімдеді. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан бүлікшілерді ұстау, жедел іздеу шаралары жалғасып жатыр. Жамбыл облысында 29 блок-бекет қойылса, Тараз қаласына кіріп-шығатын қақпаларда 10 блок-бекет жұмыс істейді.

Жамбыл облысында 6 әкімшілік ғимарат бүлінген
Жамбыл облысында 6 әкімшілік ғимарат бүлінген

Аймақта қоғамның тыныштығын сақтау үшін атқарушы органдар мен еріктілер, қоғам белсенділері бірлесіп жұмыс істеуде. Бұл шараларға 6 мыңға жуық құқық қорғау саласы мамандары мен әскери қызметшілер және 304 техника жұмылған. Қалыптасқан жағдайды, тәртіп ережелерін түсіндіруге 5мыңн ан аса зиялы қауым, қоғам белсенділері, беделді спортшылар және тағы басқа тұлғалар кірісіп кеткен. Төтенше жағдайға байланысты коменданттық уақыт кешкі 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейін жалғасады, –  деп атап өтті Дәулет Жамаубайұлы.

Мамандардың сөзінен белгілі болғаны, теміржол бекеті мен халықаралық әуежайдың аймағы, әскери қоймалар, «Әмір және Д» дәріханалар желісі әскери қызметшілердің қорғауында тұр.

Жамбыл облысында 6 әкімшілік ғимарат бүлінген
Жамбыл облысында 6 әкімшілік ғимарат бүлінген

Сондай-ақ маңызды стратегиялық нысан санатына жататын Қордай ауданындағы Отар әскери қалашығында орын тепкен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институты да қатаң жағдайда қорғалып тұр.

Жамбыл облысында 6 әкімшілік ғимарат бүлінген
Өзгелердің жаңалығы