Жамбыл облысында 499 сайлау учаскесі жұмыс істейді

11 Наурыз 2023, 22:50
1161
Бөлісу:
Жамбыл облысында 499 сайлау учаскесі жұмыс істейді
Фото: tolqyn.kz

ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының сайлауында Жамбыл облысы бойынша 499 сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінде олар толықтай жабдықталып, дауыс беру кабиналары орнатылған. Бұл жайында өңірде өткен семинар кеңесте айтылды. Жиынға Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман қатысты. Басқосуда сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету және сайлау заңнамасының жаңалықтары талқыланды. Жалпы, облыс бойынша дауыс берушілер саны 700 мыңнан асады. Ал Мәжіліс депутаттығына облыстан 12 тұлға кандидат ретінде тіркеуден өтті. Өңірдегі түрлі деңгейдегі мәслихат сайлауына 682 азамат қатысады. Айта кетерлігі, аймақтағы сайлау коммисиясының мүшелері 4824-ке жетті. Бұл қызметкерлер саны республика бойынша да артып отыр. 

Жалпы саны 86 мыңға дейін өсті. Және барлық комиссия мүшелерін біз сайлау басталғаннан сайлау учаскелері жабылғанша қандай жағдай болады, қандай кесте болады, соның барлығын практикалық тұрғыдан қараймыз. Әрбір учаскеде осындай мүгедектігі бар сайлаушыларға біз арнайы кабина жасаймыз. Одан кейін көзі көрмейтін кісілерге трафарет жасатамыз. Егер көзі нашар көретін болса, міндетті түрде лупасын орнатамыз, - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Өзгелердің жаңалығы