Жамбыл облысында 223 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

8 Желтоқсан 2021, 09:29
791
Бөлісу:
Жамбыл облысында 223 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 223 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10 айда облыстың автомобиль жолдарына 1768 тексеру жүргізілді, тексеру барысында 12099 ақау анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша жол мекемелерінің басшыларына 1768 ұйғарым берілді. Автомобиль жолдарын күтіп ұстаудағы кемшіліктерге қатысты 370 ақпарат жолданды.

Сондай-ақ, теміржол өткелдеріне тексеру жүргізілді, бұл ретте оларды күтіп-ұстауда 185 ақау анықталып, қызмет мекемелерінің басшыларына оларды жою үшін 71 нұсқама берілді.

Автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 223 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолдарда жұмыс жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі бойынша 138 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 3 лауазымды тұлғаға қатысты осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны салдарынан жол-көлік оқиғасына әкеп соққаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды (ӘҚБтК - нің 631-бабы 2-бөлігі), - деп атап көрсетті Жамбыл облысының ПД ӘПБ бастығы полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаев.

Сондай-ақ жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да құрылыстарды немесе жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын зақымдағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-бөлігі) 80 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал Тараз қаласының Полиция басқармасы мен Меркі ауданының полиция бөлімі берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша "Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мен Меркі ауданының Т.Рысқұлов ауылдық округінің әкімдігі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



Өзгелердің жаңалығы