Жамбыл облысында 2 қап қару мен оқ-дәрілер табылды

7 Қыркүйек 2022, 21:09
1434
Бөлісу:
Жамбыл облысында 2 қап қару мен оқ-дәрілер табылды
PHOTO

Тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтардың орнын анықтау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен бір тәулікте 11 қару мен әртүрлі калибрлі 300-ден астам патрондарды табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мысалы, полицейлер Тараз қаласындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттардың бірінің жанынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған қойманы тапты.

Екі қаптың ішінен 2-дана "Калашников" автоматы, 2-дана "ТОЗ" маркалы аңшылық карабині, "Сайга" маркалы мылтық, 2-дана ойық қару,  "Байкал" тегіс ұңғылы мылтығы, автоматтың оқжатары және әртүрлі калибрлі 300-ден астам патрон тәркіленді.

Жамбыл облысында 2 қап қару мен оқ-дәрілер табылды

Табылған қарулардың барлығына сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жерін хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.  Анонимділікке кепілдік беріледі.

Өзгелердің жаңалығы