Жамбыл облысында 130 келі марихуанамен  екі ер адам ұсталды

11 Шілде 2022, 21:42
1459
Бөлісу:
Жамбыл облысында 130 келі марихуанамен  екі ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қарасора-2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының  қызметкерлері   жедел ақпаратпен Жамбыл облысы Байзақ ауданының құмды аймағында  марихуана жинау сәтінде 31 және 36 жастағы жергілікті тұрғындарды ұстады. 

Жақын маңдағы аумақты тексеру кезінде полиция қызметкерлері жалпы салмағы 133 келі 700 гр «кептірілген марихуана» есірткі құралын және салмағы 5 гр-нан асатын «каннабис шайыры» есірткі құралын тауып, тәркіледі. Сондай-ақ, жабайы қарасораны шабу үшін сол жерден 2 орақ тәркіленді.

Күдіктілер кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерекке қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі   (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілердің айғақтарын тексеруге және осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтауға бағытталған бірқатар жедел-тергеу іс - шаралары жүргізілуде, - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі  қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.

Өзгелердің жаңалығы