Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы ауысты

10 Ақпан 2020, 20:13
2035
Бөлісу:
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

ҚР Президент Әкімшілігінің келісуімен ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Жанат Қуанышұлы Сүлейменов тағайындалды. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа бастықты жеке құрамға таныстырды.

Жанат Сүлейменов 1962 жылы туылған. Ішкі істер министрлігінде 1980 жылдан бастап қызмет етеді. Лауазымды қызмет атқаруда тәжірибесі мол.


Өзгелердің жаңалығы