Жамбыл фосфор зауытында жарылыс болды

4 Тамыз 2023, 17:52
1021
Бөлісу:
Жамбыл фосфор зауытында жарылыс болды
VIDEO

Жамбыл облысындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында (НДФЗ) жарылыс болып, салдарынан екі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 3 тамыз күні сағат 11:30-да болған.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметінше, «НДФЗ» ЖШС фосфор зауыты қоймасының аумағында контейнерлік цистернадан сары фосфор алынған.

Салдарынан 1991 жылы туған екі азамат Орманов Д.Ж. және 1997 жылы туған Қалдыбай Ш.Е. зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.

Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Күйік ауруының шок кезеңі - 2-3. Фосформен термохимиялық күйік - 22 пайыз.

Өзгелердің жаңалығы