Жамбы ату мен теңге ілуден ел біріншілігі мәресіне жетті

19 Маусым 2022, 10:24
2294
Бөлісу:
Жамбы ату мен теңге ілуден ел біріншілігі мәресіне жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбы ату мен теңге ілуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

3 маусымнан бастап елордада Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазанат» ипподромында екі апта бойы Жамбы ату және теңге ілуден ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталған болатын. Жасөспірімдер арасындағы сайыс мәресіне жетіп отыр. 

Жамбы ату мен теңге ілуден ел біріншілігі мәресіне жетті

Жарыс нәтижесі:

Жамбы ату

Корей стилі:

Черников Никита (Қарағанды облысы)

Пернебай Ақәділ (Қызылорда облысы)

Сәрсенбай Ерғазы (Алматы облысы)

Түрік стилі:

Пернебай Ақәділ (Қызылорда облысы)

Әкімбек Әліби (Жамбыл облысы)

Үсен Ақберен (Түркістан облысы)

Қазақ стилі:

Шарипбай Мадияр (Алматы облысы)

Черников Никита (Қарағанды облысы)

Қазыбек Асылбек (Алматы қаласы)

Жалпы орындар:

Пернебай Ақәділ (Қызылорда облысы)

Шарипбай Мадияр (Алматы облысы)

Черников Никита (Қарағанды облысы)

Ергеш Нурмухамед (Жамбыл облысы)

Теңге ілу

Бақтыбай Қанат (Түркістан облысы)

Амангелді Ұлағат (Шымкент қаласы)

Әбенов Еркенұр (Жамбыл облысы)

Серікбай Ернұр (Түркістан облысы)

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен жалпы саны 150-ден аса спортшы қатысты. Жамбы атудан ел чемпионаты корей, түрік және қазақ стильдері бойынша өтті.

Теңге ілу чемпионатының биылғы ерекшелігі – ережеге енген өзгеріске байланысты, іріктеу сындарына 5, финалдық кезеңде 7 теңгеден қойылады. Яғни жарысқа қатысушы ойын барысында жерден 5 теңге ілсе, финалда 7 теңгеден іледі. Жарыс жеңімпаздарына бас серіктес – Sport Qory қаржылай жүлде – 1,5 млн теңге тағайындаған.

Өзгелердің жаңалығы