Жамаубаев жауап берді: Халық пен несие немесе шетел асқан қаражат

26 Желтоқсан 2023, 14:36
5204
Бөлісу:
Жамаубаев жауап берді: Халық пен несие немесе шетел асқан қаражат
PHOTO VIDEO
Фото: Арман Мухатов

Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев BAQ.KZ тілшісіне сұхбат берді. 

Сұхбат барысында ол еліміздің қаржы саласында қандай істер атқарылып жатқанын, бір жылда қандай нәтижеге қол жеткізілгенін айтып берді.

Жамаубаев жауап берді: Халық пен несие немесе шетел асқан қаражат

Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халық қаржылық сауаттылыққа көңіл бөліп, оны басқара білу керегін айтады. Вице-премьердің айтуынша, қазіргі таңда 10 кредитке дейін ойланбай алатын азаматтардың қатары көбейген. Сондай-ақ мұндай сауатсыздықты алаяқтар да өз пайдасына жаратып отыр. Сондықтан Үкімет халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін және несиені алуды төмендетуге қатысты шаралар қабылдады.

Жамаубаев жауап берді: Халық пен несие немесе шетел асқан қаражат

Жамаубаев бұл заң - салықты төлегісі келмей, одан жалтарып жүрген, яғни табысын жасырған азаматтарға арналып енгізіліп отырғанын атап өтті. Жалпы, елімізде егер кез келген азаматың бір жылдық табысы он екі еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен асып кетсе, кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті. Алайда олай еткісі келмейтіндердің қарасы әлі де көп. Жалпы, жоғарыда айтқан өзгерістер бойынша бүкіл қазақстандықты тексеру тек 2025 жылдың қорытындысымен 2026 жылы толығымен іске асады.

Жамаубаев жауап берді: Халық пен несие немесе шетел асқан қаражат

Сонымен қатар вице-премьер «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қалай іске асып жатқанын айтты. "18-ге толмаған баласы бар ата-ана нені ескеруі керек?",  "Ұлттық қордың ақшасы қайда инвестицияланады?",  "18 жылда қанша ақша жиналуы мүмкін?",  "Бала шотына түскен ақшаны қайдан тексереміз?" деген сұрақтарға жауап берді.

Шетелге заңсыз кеткен қаражатты қайтару процесі қалай жүріп жатыр? Азамат ерікті және мәжбүрлі түрде қайтара алады. Активтерді өз еркімен қайтарған адамға қандай да бір шара қабылдана ма? Қаржы министрі активтерді өз еркімен қайтарған азаматтардың өзі үшін де, мемлекет үшін де маңызды екенін түсінуге тиіс екенін айтады. Заң - азаматтарға барынша мүмкіндік береді. Қазіргі таңда арнайы қор бар және комиссия жұмыс істеп жатыр.

Жамаубаев жауап берді: Халық пен несие немесе шетел асқан қаражат

Тақырыптан тыс Ерұлан Кенжебекұлына "Сіз футболға қатты қызығатыныңызды естідік. Бұл қалай басталды және қандай командаға жанкүйерсіз" деген сұрақ қойылды. Жамаубаев ел футболының болашағы туралы айта келіп, "футболды түсіген адам өмірдің философиясын түсіне алады" деді. 

 

Өзгелердің жаңалығы