Жамаубаев қанша қаражат игерілмегенін айтты

16 Тамыз 2022, 10:31
1508
Бөлісу:
Жамаубаев қанша қаражат игерілмегенін айтты

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік бюджеттің шығысы 98,7%-ке, республикалық бюджеттің шығысы – 99,6%-ке, жергілікті бюджеттердің шығысы 98%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 10 трлн теңге сомасына шығыс жүргізілді. Атқарылмау 41 млрд теңгені құрады, оның ішінде 10 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 31 млрд теңге, - деді Жамаубаев. 

Министр атағандай, қаржы игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары білім және ғылым, ішкi iстер, қаржы және төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты.

Қаржы игерілмеудің негізгі себептері: шарттар жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт жүргізу, орындалған жұмыс актілерін, шот-фактураларды уақытылы ұсынбау, төлем шоттарын кеш ұсыну, төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілуі, есепті айда қаражаттың шығындалуына қажеттіліктің болмауы, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы