Жалтыркөлдің жағалауы 100 метрге дейін шегінген. Ғалымдар зерттеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.
Жалтыркөлде қандай өзгерістер болып жатыр?
Батыс Қазақстан облысындағы Жалтыркөлдің су айдыны азайғаны анықталды. Бұл өзгеріс «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында жүргізілген кешенді ғылыми зерттеу барысында тіркелді.
2026 жылғы 12-13 қарашада резерват мамандары мен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғалымдары Жалтыркөл зоологиялық қаумалы аумағында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Ғарыштық суреттер не көрсетті?
2026 жылғы сәуір және қазан айларындағы спутниктік суреттерді салыстыру нәтижесінде көлдің су айдыны азайғаны байқалды.
Әсіресе оңтүстік және оңтүстік-батыс жағалауларда су шекарасы 80–100 метрге дейін шегінген.
Көл суының сапасы қандай?
Мамандар үш нүктеден су көрсеткіштерін өлшеді.
Оттегі тапшылығы байқалмаған;
Судың минералдану деңгейі жоғары;
Сілтілік қасиеті анықталған;
Зертханалық талдау судың жоғары кермектілігін және хлоридтердің болуын көрсеткен.
Енді көлдің су деңгейі автоматты түрде бақыланады.
Жалтыркөлдің солтүстік жағалауына арнайы 575-LTC автоматты су деңгейін өлшегіш құрылғы орнатылды. Ол су деңгейінің өзгерісін үздіксіз тіркеуге мүмкіндік береді.
Көлді сақтау үшін қандай шаралар ұсынылды?
Ғалымдар Жалтыркөлге жеке экологиялық су лимитін бекітуді, Көшім арнасындағы су қозғалысын есепке алуды, су өткізу арналарының жағдайын жақсартуды және тұрақты экологиялық мониторинг жүргізуді ұсынды.
Айта кетейік, Жалтыркөл – көптеген су құстары мен жануарлардың мекені. Оның экологиялық жағдайын бақылау сулы-батпақты экожүйені сақтау үшін маңызды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан депутаттары Каспий қадағалаусыз қалдғанын, теңізде бірде-бір бақылау станциясы жоқ екенін айтты.
Тағы оқи отырыңыз:
Қазақстан Каспийді сақтау үшін Солтүстік Аралды қалпына келтіру тәжірибесін бөлісуге дайын
Тоқаев: Каспийдің тартылуы тек экологиялық емес, экономикалық дағдарысқа айналды
Қазақстан Каспийде ЖИ мен спутниктік технологияны қолдана отырып, мониторигтің бірыңғай цифрлық платформасын құруды ұсынды