"Жалғыз ел өзін қорғай алмайды". Сенатор еліміздің сыртқы саясатындағы ең маңызды жетістіктерді атады

28 Желтоқсан 2023, 17:21
2771
Бөлісу:
"Жалғыз ел өзін қорғай алмайды". Сенатор еліміздің сыртқы саясатындағы ең маңызды жетістіктерді атады
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев 2023 жылы Қазақстан үшін қалай өткенін, сыртқы саясатта қандай жетістікке жеткеніміз туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сөз барысында депутат неге отандық БАҚ-тың контентін реттеу керегін және ақпарттық қауіпсіздігіміздің қандай деңгейде екенін айтып берді. Сарыбаевтың айтуынша, БАҚ және дін туралы заң еліміздегі ең тұрақты келе жатқан заңдар болды. Алайда, біз тез өзгеріп жатқан әлемде тұрып жатырмыз.

Оның ішінде БАҚ көгілдір экранның алдынан күнде көрініп жүрген санаулы адаммен жиі жұмыс істей бастаған. Бірақ нақты іс істеп, еңбек жолында жүрген және еңбегі еленбей жүрген азаматтарымыз әлі де көп.

Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18 мемлекетке барды.

Сарыбаев сыртқы саясатқа келгенде Қазақстанның әлемде орналасуына назар аударған жөн дейді. Қазіргі уақытта әлемде 17 елде қарулы қақтығыстар болып жатыр, түрлі экономикалық ойындар жүруде. Қазір бір мемлекет тек өзін қорғай алмайды, оларға ықпалды экономикалық одақтас керек. Біздің жағдайымызда ол Орталық Азия елдері.

Мұндай жағдайда сыртқы саясатқа байыппен қарауымыз керек. Жасыратыны жоқ, сыртқы саясатта Мемлекет басшысының рөлі елімізде де, әлем де өте жоғары, - деді депутат.

Сондай-ақ спикер биыл Қазақстанның сыртқы саясаттағы жетістігі мол екенін атап өтті. Оның қатарында Қытай елімен 30 күн визасыз режимге көшуіміз экономикалық тұрғыда аса маңызды екенін айтады. Қытайдың тауары, инвестициясы және келіп жатқан туристері Қазақстанның экономикасы үшін мүмкіндік.

Сөз соңында ол Қазақстан үшін 2024 жыл қалай болады деген сауалға жауап берді.

Видео: Ерболат ЛАҚАЙ
Өзгелердің жаңалығы