СҚО-да жалған евро қағаз ақшасын жеткізушілер ұсталды

28 Ақпан 2020, 17:51
2504
Бөлісу:
СҚО-да жалған евро қағаз ақшасын жеткізушілер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы аумағына 500 евро құнындағы жалған қағаз ақша жеткізетін каналдың жолын кесті. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

ЭТД қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде жалған ақша өткізумен айналысқан бір топ тұлға әшкереленді. Ұйымдасқан қылмыстық топ ҚР, Ресей Федерациясы және Грузия азаматтарынан құралған. 2020 жылдың қаңтар айында РФ азаматына еліміздің аумағында әрі қарай тарату үшін 100 000 евро сомасындағы жалған ақша қаражатының берілгені анықталды. Тұтқынға алу барысында 2 000 000 теңге, 30 000 ресейлік рубль қолма-қол ақша және жалпы сомасы 68 000 евроны құрайтын 136 жалған 500 евро номиналындағы ақша қаражаты тәркіленді, - делінген хабарламада.

WhatsApp Image 2020-02-28 at 18.03.19.jpeg

Бүгінгі таңда Петропавл қаласының Арнайы тергеу сотының қаулысымен ҚР ҚПК 147-бабына сәйкес күдікті тұлғалар қамауға алынды.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 231-бабының 2 б., 1 т. (санкциясы мүлікті тәркілеумен 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы), 264-бабының 1б. (10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді.

Айта кетейік, соңғы екі жылда ҚР аумағында жалған банкнота өткізудің 18 фактісі анықталды және жалпы сомасы 266 500 евроны (110 млн теңгеден аса сомаға тең) құрайтын 500 евро номиналындағы 533 қағаз ақша тәркіленді.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті абай болып, валютаны банктерде чек талап ете отырып, айырбастауды ұсынады.

Егер сіз жалған ақша жасау фактілерін білетін болсаңыз Комитеттің келесі сенім телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз: 8 (7172) 708-478, 8 (7172) 709-920.

Жалған ақша жасаушылардың жемтігі болмас үшін 500 евро номиналындағы жалған қағаз ақшаны танып білудің ең қарапайым ережелерін есте сақтаңыз.

Өзгелердің жаңалығы