«Жалған екпе құжатын сатып аламын»: актер көптен кешірім сұрады

2 Тамыз 2021, 20:01
4287
Бөлісу:
«Жалған екпе құжатын сатып аламын»: актер көптен кешірім сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық актер Асқар Ілиясов жалған екпе төлқұжаты туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады деп хабарлайды zakon.kz. 

Менің айтқаным - ақымақтың пікірі, оны көпшілік алдында жар салып айту, әрине, дұрыс емес. Бұл турасында жеткілікті түрде қанық емеспін, сондықтан сеніммен білмеймін деп айтуым - жауапсыздыққа жатады. Вакциналау төлқұжатын сатып алу туралы айтқаным - жағдайларға қарсы шыққан балалық қырсықтық, жалпы айтқанда, ақымақтық. Мен ешқандай да төлқұжат сатып алғалы жатқаным жоқ, сатып алмаймын да. Жақсарып, дами түсу үшін өзімді сырттан көріп, естіген мен үшін маңызды болды. Біздің қоғамның денсаулығы мен саламаты үшін вакциналауды кеңінен насихаттайтын адамдардан кешірім сұраймын, - деп жазды актер өзінің Instagram парақшасында.
Дегенмен ол екпе туралы пікірінен айнымағанын атап өтті.
Көп кешірім сұрап кеткен секілдімін. Жалпы, төлқұжат сатып алу туралы айтқаным ғана ақымақтық болды. Эпизодты бір қайталап көріп шықтым, қалғаны бәрі дұрыс. Вакцина алу-алмау - әркімнің өз ісі. Мен ол жайындағы өз пікірімді өзгерткен жоқпын, бірақ оны ешкімге танғым келмейді, - деп жазды Ілиясов.
Бұған дейін актер журналист Тимур Балымбетовке сұхбат берген. Онда ол вакциналауға қатысты да пікір білдіреді.

Егер бұранданы қатты бұрап жатса әрі елден шығу мүмкін болмай қалса, онда еріксіз вакцина аламын немесе пара беріп, жалған екпе төлқұжатын сатып алуым мүмкін. Кім біледі. Мұндай мүмкіндік бар, - деді Асқар Ілиясов ол сұқбатында. 









Өзгелердің жаңалығы